1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
22 қаңтар 09:06
 

Жәнібектің командасында "4 жылға бокстан қуылды" дегенге қатысты жауап берді

  Пікірлер

blog.share

Жәнібектің командасында "4 жылға бокстан қуылды" дегенге қатысты жауап берді ©Тұрар Қазанғапов

Орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 KO) менеджері Берік Сұлтан қазақстандық боксшының допинг ісіне қатысты мән-жайды түсіндірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 KO) менеджері Берік Сұлтан қазақстандық боксшының допинг ісіне қатысты мән-жайды түсіндірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Берік Сұлтанның айтуынша, команда қазіргі сын-пікірлер толқынына сабырмен қарап отыр және алдағы жоспарларынан бас тартпақ емес. Ол қазіргі таңда іс бойынша ешқандай ресми шешім қабылданбағанын, ал Жәніек құжат жүзінде әлі де әлем чемпионы екенін атап өтті.

Менеджердің сөзінше, барлық қорытындылар тек тергеу толық аяқталып, ресми ақпарат жарияланғаннан кейін ғана жасалады.


Еске салайық, желтоқсан айының басында Жанибек Әлімханұлының A допинг-сынағы оң нәтиже көрсеткені белгілі болды. Соның салдарынан оның WBA чемпионы Эрисланди Ларамен жоспарланған біріктіру жекпе-жегі кейінге қалдырылды. Команданың бастамасымен B сынағы ашылып, бұл процедура 9 қаңтарда өтті. Тергеу аяқталғанға дейін қазақстандық боксшы уақытша барлық жекпе-жектерден шеттетілген.Бұған дейін бірқатар дереккөздер B сынағы да тыйым салынған заттың барын растағанын хабарлаған еді, алайда іс бойынша ресми шешім әлі шыққан жоқ.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!