Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) жаңа президенті Густаво Оливьери британиялық Хамза Ширазды (21-0, 17 КО) неге рейтингтен шығарып тастағанын түсіндірді.
"Бастапқыда Шираз WBO белбеуі үшін айқасқысы келетінін білдік. Ол аймақтық титул үшін жұдырықтасты, рейтингте жоғарлап, бірінші орынға көтеріліп, міндетті қарсылас дәрежесіне жетті. Осыдан кейін біз келіссөз бастадық, ал бірнеше күннен кейін Queensberry Promotions компаниясы бізге хат жіберіпті: Берілген мүмкіндік үшін рахмет, біз басқа жол таңдадық".
Чемпиондық комитетте дискрециондық өкілет бар, екі боксшының бірі титул үшін айқасудан бас тартса, комитет оны рейтингте төмендетеді немесе тіптен шығарып тастай алады. Сондықтан мен оны рейтингтен шығаратын болып шештім", - деп береді Оливьеридің сөзін SNAC.com.
Шираз Британиялық достастық пен Еуропа чемпионы (EBU), орта салмақта WBC Silver титулына ие екенін айта кетейік.