Бокс
Бүгін 09:52

Жәнібектен қашқан мексикалық чемпион Меликузиевпен айқасады

©Cris Esqueda/Golden Boy Promotions

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) екінші орта салмақта (76,2 келі) мексикалық Хайме Мунгия мен өзбекстандық Бектемір Меликузиев арасында титулдық жекпе-жекке санкция берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Екі боксшының командаларына жекпе-жекті өткізу бойынша келісімге келу үшін 30 күн мерзім берілді.

Меликузиевтің жетістіктері

30 жастағы Меликузиев - 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әуесқойлар арасында екі дүркін Азия чемпионы (2015, 2017), әлем чемпионаттарының жүлдегері (2015 жылы күміс, 2017 жылы қола).

Өзбекстан тумасы кәсіпқой боксқа 2019 жылы ауысып, қазіргі таңда 17 жеңіске жетті, 11 жекпе-жегін нокаутпен аяқтаған және бір жеңілісі бар.

Мунгия - екінші орта салмақта әлем чемпионы

Мунгия 29 жаста. Мексикалық боксшы кәсіпқой карьерасын 2013 жылы бастады. 2018 жылы бірінші орта салмақта (69,9 келіге дейін) әлем чемпионы атанды. Одан кейін титулын бес рет сәтті қорғап, 2026 жылы екінші орта салмақта әлем чемпионы атанды.

Мунгияның кәсіпқой рекорды - 46 жеңіс (35 нокаут) және екі жеңіліс.

Еске салайық, кезінде Мунгия қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізуі мүмкін еді. Алайда мексикалық боксшы ақырында бұл кездесуден бас тартқанеді.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport