Жәнібектен қашқан. Әйгілі бапкер Головкинге өте орынды кеңес берді

©Sky Sports

Америкалық бапкер Абель Санчес орта салмақта WBA және IBF чемпионы Геннадий Головкин қазіргі жалқау чемпиондар емес, белсенді болып жүрген боксшылармен жекпе-жек өткізу керек деп есептейді, деп хабарлайды Аllboxing.ru.

Маманның сөзінше, WBC чемпионы Джермалл Чарло мен WBO титулын босатқан Деметриус Андраде тек ақшалы айқас қана күтумен жүр.  

"Шынын айтқанда Геннадий Чарломен жекпе-жекке шыққанын қаламаймын. Джермалл рингке тым сирек шығады. Ол титулы жоқ, бірақ, белсенді болып жүрген боксшылардан кейін тұр. Міне сол белсенділік үшін басқаларға мүмкіндік беру керек, олар көбірек лайықты. Ал Чарло мен Андраде отырып алып, үлкен гонорар күтуде. Мұндай дұрыс емес деп ойлаймын", - дейді Санчес. 

Айта кетейік, америкалық Деметриус Андраде қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтаспау үшін, WBO белебуін босатып, екінші орта дивизионға көтеріліп кеткен болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport