Бірінші орта салмақта чемпион болған мексикалық Хайме Мунгия (40-0, 32 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-2-1, 37 KO) жекпе-жекке ниет білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Канеломен" кейінгі айқасында Головкин әлі де мықты боксшы, күші мығым екенін анық паш етті. GGG Альвареспен жақсы айқасты. Біз де осындай тамаша жекпе-жек өткізе аламыз деген ойдамын. Ол әлі де орта салмақта чемпион, ал мен белебу үшін жұдырықтасқым келеді", - деп береді Мунгияның сөзін Boxingscene.com.
Алайда оған дейін Хаймеге осы демалыста аргентиналық Гонсало Корияны (21-5, 8 КО) жеңу керек.
"Кория солақай, сондықтан онымен баспен соғылып қалмас үшін сақ болу керек. Солақайлармен айқас әрдайым қиын. Гонсало мықты жігіт, әрдайым нокаутқа түсіруге тырысады. Үлкен айқастарға жеткенге дейін осы кездесуден барымды аламын, үйренеміз және тер төгеміз", - дейді Мунгия.
Айта кетейік, бұған дейін Мунгия қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жектен бас тартқан болатын. Ал кей мамандар Хаймені "Канелоның" ізбасары атап кеткен.