Бокс
2 маусым 2025 11:03

Жәнібектен есе қайтармақ: міндетті қарсылас Әлімханұлымен айқасатын уақытты айтты

©Тұрар Қазанғапов

Орта салмақта IBF және WBO чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын (17-0, 12 KO) бұрынғы қарсыласы қарымта жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жәнібекке міндетті қарсылас атанды

Атап айтқанда, Жәнібектен британиялық боксшы Дензел Бентли (21-3-1, 17 KO) есе қайтарғысы келеді екен. Бұл айқасты өткізу жоспарын оның промоутері Фрэнк Уоррен де қолдап отыр және ол жекпе-жектің мерзімін де белгілеп қойыпты.

"Біз бұл шешімді WBO-да мақұлдатуға тырысамыз. Дензел өз кезегін сабырмен күтті, биыл бірде-бір кездесу өткізген жоқ. Енді шешімнің уақытын анықтайтын кез келді. Біз мәңгі күте алмаймыз. Бұл анық. Ол жыл соңына дейін титул үшін жұдырықтасуы керек", — деп келтіреді Уорреннің сөзін vRINGe.

Осы жылдың 5 сәуірінде Әлімханұлы франциялық Анауэль Нгамиссенгемен (14-1, 9 KO) кездесіп, титулдарын қорғап қалған еді. Алайда бұл ерікті түрде өткен жекпе-жек болатын, енді Уоррен міндетті айқасты талап етіп отыр.

Айта кетейік, Дензел мен Жәнібек рингте бұған дейін 2022 жылдың 12 қарашасында кездескен еді. Ол кезде қазақстандық боксшы Бентлиді төрешілердің шешімімен жеңген болатын.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport