Жәнібекте кемшілік бар. 31 қарсыласын сұлатқан боксшымен айқаста кім жеңетіні айтылды
"Лаборатория бокса" YouTube арнасының авторы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (11-0, 7 КО) кемшіліктерін атап, Хайме Мунгиямен (39-0, 31 КО) айқаста кім жеңетінін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Лаборатория бокса" YouTube арнасының авторы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (11-0, 7 КО) кемшіліктерін атап, Хайме Мунгиямен (39-0, 31 КО) айқаста кім жеңетінін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жәнібек Әлімханұлы Геннадий Головкинге үндеу жасады
"Жәнібек 28 жаста, құлпырып тұрған щағы. Журналистер оған сеніп отыр. Әуесқойдағы жетістігі жақсы, жас, жеңіліс көрмеген. Ол алдыға ғана жүріп, қарсыласын құлатуға тырыспайды, керісінше, түртпектейді, алдайды, түрлі соққысын өткізеді. Қолы жылдам және қазіргі боксшылар ұмытып кеткен классикалық соққылар техникасын қолданады.
Жәнібекте кемшіліктер бар, мүмкін өзіндік ерекшлігі болар. Жалпы алғанда Жәнібек өте алысқа ұрмайды. Өйткені соққы кезінде иығын қатты бұрмайды. Әдетте қарсыласын орта қашықтықта ұрады. Демек қарсыласы да оған соққысын жеткізе алады деген қауіп бар.
Екіншісі: Жәнібек солақай болғанымен, иықпен қорғанады. Мұндай қорғанысты оңқайлар қолданса, бар жерін жауып тұрады. Ал солақай қолданғанда мықты спортшы соққысын дәл иектен тигізе алады.
Мунгия? Оның басы өте мықты, күші тасып тұр, ал техникасы айтарлықтай қарапайым. Ол жоғары деңгейдегі боксшы емес. Дегенмен табиғи дарыны бар, денсаулығы мықты, батыл. Оның үстіне оған аса мықты емес қарсыластар таңдайды. Соның арқасында бәрін құлатып келеді.
Жекпе-жек қалай өтеді? Жәнібекке сенетіндер аз екен... Ал менің болжамым - Әлімханұлы басым түседі", - дейді канал авторы.
Жарнама