Жәнібекті жеңілмеген нокаутшымен айқасқа шығармақ

©instagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) келесі жекпе-жегін британиялық Хамза Ширазбен (19-0, 15 КО) өткізуі ықтимал, деп жаазды Vesti.kz.

Queensberry промоутерлік компаниясы осы жекпе-жекті ұйымдастыруға кіріспек. 

"Queensberry Promotions Ширазды орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жекке шығармақ. Жеңіске жеткен жағдайда Шираз орта салмақ патшасына айналады, өз кезегінде бұл оған табысты айқастарға жол ашады", - деп жазыпты бокс туралы испан тіліндегі Boxing Studs Noticias Twitter-аккаунты. 

Бұған дейін Queensberry Promotions боксшылардың көз арбасып тұрған суретін жариялаған болатын.

"Жәнібек Әлімханұлы Хамза Ширазға қарсы. Мұны ұйымдастыруға дайынбыз", - деп жазылған еді фото астында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар