Жәнібекті жекпе-жекке шақырған чемпионның айқасы сенсациямен бітті

©Pro Boxing Fans

Бирмингем қаласында өткен бокс кешінде орта салмақта Британия чемпионы Нейтан Хини (18-0-1, 6 KO) мен отандасы Брэд Полс (18-1-1, 10 КО) арасында жекпе-жек өтті, деп жазады Vesti.kz.

Боксшылар 12 раунд жұдырықтасып, нәтижесінде төрешілер айқас тең аяқталды (115-114 Полс, 116-113 Хини және 114-114 тең) деген шешімге келді. Хини бұл кездесуде титулын сақтап қалды. 

Сегізінші раундта Хини нокаутпен жеңіле жаздағанын айта кетейік. 

Еске салайық, бұған дейін Хини WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлын (15-0, 10 КО) бірнеше рет жекпе-жекке шақырған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар