Бокс
2 маусым 2025 07:31

Жәнібекті әуесқойда жеңген өзбек кәсіпқойда да Канелоға бірінші "жетіп алды"

©AllBoxing

АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында супер орта салмақтағы (76,2 келіге дейін) WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына міндетті үміткерді анықтайтын айқас өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұрын жеңілмеген бкосшыны нокдаунға түсірді

Бокс кешінің басты жекпе-жегінде Өзбекстан боксшысы Бектемир Меликузиев (16-1, 10 KO) пен америкалық Дариус Фулгам (14-1, 12 KO) жұдырықтасты.

Жекпе-жек 12 раундқа созылып, төрешілердің шешімімен аяқталды, Меликузиев 114-112 есебімен жеңіске жетті. Соңғы раундта өзбекстандық боксшы бұрын жеңіліп көрмеген қарсыласын нокдаунға түсірді.


29 жастағы Бектемир үшін бұл қатарынан тоғызыншы және карьерасындағы 16-шы жеңіс. Ал 28 жастағы Фулгам кәсіпқой бокста алғаш рет жеңіліске ұшырады.


Әуесқойда Жәнібекті жеңген 

Айта кетейік, 2015 жылдың қыркүйегінде Бектемир Меликузиев Таиландтың Бангкок қаласында өткен турнирде қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен кездескен болатын. Ол кезде әуесқойлар арасындағы бұл жекпе-жек төрешілердің бөлек шешімімен Меликузиевтің пайдасына шешілген еді.

Қазіргі уақытта бұл салмақтағы абсолют әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (63-2-2, 39 KO).

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport