Гизада (Мысыр) өткен бокс кешінде британиялық Хамза Шираз пен германиялық Алем Бегич жұдырықтасты, деп хабарлайды Vesti.kz.
12 раундқа жоспарланған жекпе-жек екінші раундта аяқталды. Шираз қарсыласын есеңгіретіп тастағаннан кейін кейін Бегич кездесуді жалғастыра алмады.
Осылайша, Шираз екінші орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша бос болған әлем чемпионы титулын иеленді.
Жеңіліп көрмеген британиялық үшін бұл кәсіпқой рингтегі 23-жеңісі және 19-нокауты болды. Сондай-ақ, оның еншісінде бір тең нәтиже бар. Ал Германия боксшысы карьерасында алғашқы жеңілісіне ұшырады. Бұған дейін Бегич 29 рет жеңіске жетіп, бір жекпе-жекте тең түскен еді.
Айта кетейік, Шираз бір кездері орта салмақта өнер көрсетіп, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізуі мүмкін болған. Алайда түрлі себептерге байланысты бұл кездесу жүзеге аспады. Кейін британиялық боксшы екінші орта салмаққа ауысып, ақыры чемпиондық белбеуге қол жеткізді.