Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) Деметриус Андраденің британиялық Зак Паркермен екінші орта салмақта "уақытша" чемпион атағы үшін жекпе-жегіне рұқсат берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
BoxingScene.com мәліметінше, тараптар келіссөз жүргізе бастапты.
"Жекпе-жек санкция беруші органмен ресми түрде сейсенбі күні бекітілді. Енді шарттарды келісу үшін он күн уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде келісімшарт жасалса, белгіленген айқас жасырын саудаға қойылады", - деп жазады басылым.
Инсайдер Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы етіп жарияланғанын хабарлады