Орта салмқата WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) әлеуметтік желіде пост жариялап, өзімен ешкім жекпе-жекке шыққысы келмейтінін меңзеді.
"Жаңалық бар ма?! Мен айттым ғой, құрметті жанкүйерлер!", - деп жазыпты Жәнібек твиттер желісінде күлген эмодзилер жариялап.
Осы кезде желі қолданушылардың бірі қазақстандыққа екінші орта салмаққа (168 фунтов) көтеріліп, Сауль Канело Альвареспен (62-2-2, 39 КО) жұдырықтасуды ұсынды:
Жоғары салмаққа өтіп, патшамен мамырда айқас. Канело сені күл-талқан қылады".
"Канело 168 фунтта Жәнібекке қарсы. Мұны мен бірінші айтқанмын", - депті өзге желі қолданушысы.