Бокс
29 қазан 2021 19:02

Жәнібекек Әлімханұлы мен әлемнің бұрынғы чемпионы арасындағы жекпе-жек кейінге шегерілді

©op Rank

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшшы Жәнібек Әлімханұлы Instagram парақшасындағы сторисінде франциялық Хассан Н'Дам Н'Жикаммен (38-5-0, 21 KO) кездесу кейінге шегерілгенін хабарлады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Кеше белгілі болды. Top Rank алдағы уақытта ресми хабарлайды. Бірақ біз жанкүйерлеріміз үшін ертерек айтуды жөн санадық. Қарсыласымның визалық қиындықтарына байланысты жекпе-жекті 20 қарашаға ауыстырдық. Портер мен Кроуфордтың андеркардында жұдырықтасатын шығармыз. Жақсы шоу көрсетеміз деп үміттенемін", - деп жазды Әлімханұлы. 

Еске салайық, бұл кездесу негізі 5-қараша күні Лас-Вегас қаласында өтуі керек еді. 

28 жастағы Әлімханұлы соңғы кездесуін маусым айында Лас-Вегас қаласында өткізіп, америкалық Роб Брантты (26-3, 18 КО) нокаутпен жеңді. 

Ал 37 жастағы Н'Жикам болса шілдеде венгриялық Габор Горбичпен жолығып, жеңіске жетті. Ол бұған дейін орта салмақта WBA және WBO чемпионы болған. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport