Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханулы (17-0, 12 KO) келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жыланды тумасы Жанібек өзінің үш титул үшін айқасқа дайындықты бастағанын хабарлады, алайда қарсыласын әлі атаған жоқ.
"Үшінші титулды алу жолында үлкен жұмыстар атқарылып жатыр! Құдай қаласа тарих жасалады!" – деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желіде.
Айта кетейік, бұл дивизионда казахстандыққа абсолют атану үшін қажетті белбеулерге ие екі боксшы бар. Олар — WBC чемпионы кубалық Эрисланди Лара (31-3, 19 KO) және WBC титулының иегері доминиканалық Карлос Адамес (24-1-1, 18 KO).
Еске салсақ, 5 сәуірде Астанада Жәнібек франциялық Анауэль Нгамиссенгені (14–1, 9 KO) бесінші раундта нокаутқа түсіріп, титулдарын сәтті қорғады.
Жарнама