Бокс
4 шілде 10:30

Жәнібек тағы бір титул үшін айқасатын болды. Тек промоутердің бір шарты бар

©x.com/qazaqstyle

Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) осы дивизионда WBC тилуына ие доминиканалық Карлос Адамеспен (24-1, 18 КО) биыл айқаса алады.

Журналист Лэнс Пагмайрдің мәліметінше, Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум Жәнібек пен адаместің жекпе-жегін ұйымдастыруға мүдделі. Айта кетейік, әйгілі промоутер Әлімханұлының ісін жүргізеді. 

Бірақ мұның маңызды бір шарты бар - Жәнібек 13 шілдедедегі жекпе-жегінде жеңіске жету керек. Бұл күні қазақстандық боксшы Лас-Вегаста міндетті қарсылас - жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) жұдырықтасады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport