"Жәнібек сөзінің құнын көреміз". Сарапшы Әлімханұлының 18 нокауты бар бұрынғы чемпионмен жекпе-жегі жайлы

Сурет: MichGan

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (9-0, 5 КО) америкалық Роб Брантпен (26-2, 18 КО) алдағы айқасы - бұл болжауға келмейтін және қызықты оқиға болады. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Fightmag.com журналисті Франко Луччи оындай пікір білдірді. 

Әлімханұлы - Брант кездесуі 26 маусым Лас-Вегаста украиналық Василий Ломаченко (14-2, 10 КО) мен жапониялық Масаеши Накатани (19-1, 13 КО) жекпе-жегінің андеркардында өтеді.

"Осы айқастан кейін қазақстандық боксшының сөзі мен амбициясының құны қандай екенін көреміз. Әлімханұлы техникасы мықты әрі жылдам боксшы сияқты. Соққысы ауыр емес, дегенмен, қашықтықта ол орта салмақтағы көптеген боксшыдан артық жұдырықтасады. Оның кемшілігі - үлкен айқастар өткізбегендігі және осыдан туындауы мүмкін қобалжу. Брант көптен бері жұдырықтасып келеді. Ол мықты қарсыластармен рингте сан рет бетпе-бет келген, әлем чемпионы болған. Әлбетте ол шырқау шегінде емес, алайда, әлі де қауіпті. Ол элитаға оралу үшін және Әлімханұлын жеңу үшін барын салады. 

Кімде басымдық барын айту қиын. Бізді теңдей айқас күтіп тұр. Ал бұл кездесу екеуі үшін де өте маңызды", - дейді Луччи. 

Жаңалықтар