Жәнібек сияқты. Головкин салмағындағы чемпиондық айқас нокаутпен бітті

©Showtime

Доминиканалық Карлос Адамес (22-1, 17 КО) пен мексикалық Хуан Масиас Монтиэль (23-6-2, 23 КО) арасындағы орта салмақта WBC ұйымының "уақытша" чемпионы атағы үшін жекпе-жек нкаутпен аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz

АҚШ-тың Карсон қаласында өткен кездесу үшінші раундта аяқталды. Төреші айқасты тоқтатып, Адаместің техникалық нокаутпен жеңілгенін тіркеді. Осылайша, доминиканалық боксшы "уақытша" чемпион атанды. 

Еске салайық, орта салмақта екі қазақстандық боксшы - Головкин Геннадий мен Жәнібек Әлімханұлы чемпион. 22 мамырда британиялық Дэнни Дигнуммен айқаста Жәнібек WBО ұйымының "уақытша" чемпионы атағын иеленген. Одан кейін қазақ боксшы ұйымның толыққанды чемпионы болды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport