Бокс
15 мамыр 2024 10:04

Жәнібек пен WBC чемпионы "шектен" шығып барады

©Twitter.com/qazaqstyle

Америкалық бокс шолушысы әрі инсайдер Дэн Рафаэль қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) мен доминиканалық Карлос Адаместің (23-1, 18 КО) әлеуметтік желіде байланысып қалғандарына қатысты ойын айтты, деп жазады Vesti.kz.

Орта салмақта WBO және IBF титулдары бар Жәнібек WBC чемпионын жекпе-жекке шақыруын қояр емес. Екі боксшының бір-бірінен бөлек өтетін келесі жекпе-жектері белгіленіп қойғанын айта кетейік. 

Әлімханұлы соңғы рет былай деген еді: "Саған дүйсенбіге дейін уақыт беремін. Егер ез болмасаң, алдыңда жатқан келісімшартқа қол қой".

"Мұның бәрі біртүрлі, өйткені екеуі де бір-бірінен мүлде бөлек жекпе-жек өткізуге басқа келісімшарттарға қол қойып қойған ғой", - деп жазыпты Рафаэль твиттерде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport