Бокс
3 қазан 11:47

Жәнібек өзіне тіл тигізген қарсыласпен айқас алдында салмақ өлшеуден өтті

©Boxingscene.com

Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) жаңа зеландиялық Андрей Михайловчпен (21-0, 13 КО) жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімін өтті.

Бұл айқас 4 қазан Сиднейде (Аустралия) өтеді, онда Жәнібекке тиесілі WBO және IBF титулдары сарапқа салынады. 

Жәнібектің салмағы 72,38 келі, ал оның қарсыласы сәл ауыр тартты - 72,54 келі.

Осылай екеуі де салмақ лимитін орныдады (72,57 кг). Еске салайық Әлімханұлы - Михайлович жекпе-жегі шілдеде өту керек еді, алайда қазақ боксшының салмақ түсіруі сәтсіз болып айқас кейінге қалған еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport