Жәнібек Канеломен жекпе-жек уақытын ұсынды

©Boxingscene.com

Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) екінші орта дивизионда абсолют чемпион Сауль Канело Альвареспен (60-2-2, 39 КО) жекпе-жекке қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

15 қазан АҚШ-тың Розенберг қаласында өткен жекпе-жекте Жәнібек алтыншы раундта германиялық Винченцо Гуальтьериді (21-1-1, 7 КО) нокаутпен жеңіп, IBF белбеуін иеленді. 

"Менің дайын екенімді білесіздер. Егер Канело дайын болса, онымен ақпанда айқасуға дайынмын. Маған 4 белбеу керек. Оны нокаутқа оңай түсіре аламын. Егер бокстан хабарыңыз болса, бәрін түсініп отырсыздар!", - деп жазыпты Әлімханұлы Twitter желісінде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport