Жәнібек Канеломен жекпе-жек уақытын "белгіледі"
Орта салмақта WBO және IBF титулдарына ие Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) суперорта дивизионда әлемнің абсолют чемпионы Сауль Канело Альвареспен (60-2-2, 39 КО) жекпе-жекке қашан шыққысы келетінін айтты, деп жазады Vesti.kz.

Қазақстандықтың ойынша, бұл келесі жылы болуы мүмкін, алайда оған дейін Жәнібек орта салмақта барлық титулды жинап алғысы келеді.
"Орта салмақта бірде-бір жақсы боксшы қалмады деп ойлаймын. Мен барлық төрт белбеуді тезірек жинап, Канеломен суперорта салмқата айқассам деймін. Бұл келесі жылы болады деп үміттенемін. Бірақ бір мәселе бар: Канело менімен айқасуға келісе ме? Көреміз!", - деп жазыпты Жәнібек твиттерде.
I think there is no interesting boxer left in the middleweight division. I wish I could quickly collect all 4 titles and fight Canelo at super middleweight. I hope this happens next year. There is also a question here: will Canelo agree to fight me? Let's see! pic.twitter.com/kMQyswcARA
— Janibek Alimkhanuly (@qazaqstyle) May 28, 2024
Жарнама