1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
Кеше 10:58
 

Жәнібек қақпанды басты - Қанат Ислам допингпен қандай қателік кеткенін айтты

  Пікірлер

blog.share

Жәнібек қақпанды басты - Қанат Ислам допингпен қандай қателік кеткенін айтты ©Top Rank

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (29-1, 22 KO) орта салмақтағы WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) тап болған допинг дауына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (29-1, 22 KO) орта салмақтағы WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) тап болған допинг дауына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

- Жәнібектің қасында жырғатқан маман жоқ. Ондай жағдай менің қасымда да болды. Қасындағылар сені жақсы көреді, саған жаманшылығы жоқ. Күні-түні сені қалай ұйықтады екен, қандай тамақ жеді екен деп алаңдап отырады. Бірақ ол көрмеген де оны (допинг не екенін нақты білмейді - ред.). Мынау таза тамақ екен, мынау шөптен жасалған екен деген секілді әкеледі. Бірақ оның нақты құрамын көру керек. Біз Қытай құрамасында жүргенде күніне бір сағат арнаулы сабақ өтетін. Тіпті тізеге жағатын майдың құрамына дейін тексеріп, мынау болады, мынау болмайды деп нақты көрсететін. 

Көп спортшылар әлі де ойлайды, допинг деген бір уколды әкеледі де салады, содан құтырасың деп. Жоқ ондай емес ол. Тұмаудан ішкен дәріңнің құрамында да тыйым салынған зат болуы мүмкін.

- Осы Жәнібекке әдейі шүйлігіп отыр деген де сөз шығып жатыр ғой. Ұстаймын десе Амеркиада кез келген чемпионды ұстай алады допингпен, бірақ, осы Жәнібекке әдейі шүйлігіп отыр деген сияқты. 

- Енді ол халықтың сөзі ғой. Бірақ маман ретінде айтарым, витаминді көшедегі кемпір-шалдан бастап бәрі іше бастады, сол секілді ол да, Қазақстаннан әкелгені бар, біреу бергені бар, мынау керемет екен деп айтқаны бар деген секілді. Маман жоқ та қасында. Менің де Америкаға барғанымда сен бала былай жүр, мынаны ішпе дейтін ақылшым болған жоқ. Басты тауға да, тасқа да соқтық. Содан кейін біз ол білімді алдық та. Қаныңды қарап, ей мынау еркектің емес әйелдің гормоны дегендей нақтылап, сызып беретін мамандар бар ғой. Міне сол секілді маман болмады да оның қасында. Мынаны былай істейік, тексерейік, қайтадан бүйтейік дей алатын. Сөйтіп ол сол қақпанды басты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!