Бокс
Бүгін 13:13

Жәнібек Головкинмен салыстыруға қатысты сұраққа тура жауап берді

©x.com/qazaqstyle

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) орта салмақтың мықтылары өзінен қашатынын кезекті рет айтты. Астанада өткен баспасөз мәслихаты кезінде журналистер одан өзге қазақстандық Геннадий Голвокиннің карьерасындағы жағдайға ұқсастық туралы сұрады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Иә, ұқсас жағдай. Бірақ негізінде бір боксшы екіншісінен ешқашан қорықпайды. Олар біздің стилден қорқады деп ойлаймын", - дейді Жәнібек. 

5 сәуірде Әлімханұлы Астанада IBF рейтингінде жетінші орында тұрған жеңілмеген франциялық боксшы Анауэль Нгамиссенгемен (14-0, 9 КО) айқасатынын еске салайық.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport