Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) британиялық Дензел Бентлиге (17-2-1, 14 КО) қарсы жекпе-жегінен үзінді жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы бұл айқаста корпуспен жұмыс арқылы соққылардан қалай сытылып отыранын паш етіпті.
"Қорғану бокс атасы! Жауынгерді әр жекпе-жек шыңдайды. Әр жекпе-жек өсіреді", - делінген видеода.
Бентли - Әлімханұлы жекпе-жегі былтыр қарашада өтіп, төрешілер шешімімен Жәнібек жеңген болатын.