Орта салмақта IBF және WBO чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) доминиканалық Карлос Адамес (24-1-1, 18 КО) өзінен не себепті қашатынын нақты дәлелмен түсіндірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жыланды ауылының тумасы бұрын болған өзара спаррингті еске алды. Жәнібектің айтуынша, сол жаттығудағы соққы Адамеске ауыр тиген.
"Атымды естісе, қашады!""Ең үлкен қателігім - оны (Адаместі) спаррингте тым қатты ұрғаным сияқты. Енді ол мені үрейлі фильм кейіпкеріндей көреді: көрсе қаша жөнеледі, атымды естісе орнынан секіреді!", – деп жазды Әлімханұлы X әлеуметтік желісінде.
Айта кетейік, Жәнібек көптен бері Адаместі титул біріктіретін айқасқа шақырып жүр. Адамес орта дивизионда WBC титулына ие.
Жәнібектің басты мақсаты - орта салмақта абсолют чемпионы атану. Ол үшін WBC және WBA нұсқалары бойынша белбеулерді жеңіп алу қажет. Қазіргі таңда WBA титулы кубалық Эрисланди Лараға (31-3, 19 KO) тиесілі.