Орта салмақта WBC ұйымының жаңа чемпионы доминиканалық Карлос Адамес (23-1, 18 КО) титулын алғаш рет қорғайды, боксшы қарсыласын да таңдап қойды.
ESPN мәліметінше, Адамес белбеуін 15 маусым Лас-Вегастағы бокс кешінде қорғайтын болды. Бұл шоудың басты оқтиғасы Джервонта Дэвис - Фрэнк Мартин және Дэвид Бенавидес - Александр Гвоздик жекпе-жектері болады.
Ал доминиканалықтың қарсыласы белбеуге бір рет үміткер болған америкалық Террелл Гоше (24-3-1, 12 КО).
Айта кетейік, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы Адаместі бірнеше рет жекпе-жекке шақырған болатын. Ал доминиканалық келіскендей жауап қайтарған еді.