АҚШ-тың Сан-Антонио қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде супержеңіл салмақтағы WBC уақытша чемпионы мексикалық Исаак Крус (28-3-2, 18 KO) америкалық Ламонт Роучпен (25-1-3, 10 KO) кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекпе-жек толық 12 раундқа созылып, тең есеппен аяқталды — 113-113 екі рет және 115-111 Крустың пайдасына. Роуч үшінші раундта нокдаунға түскенін айта кету керек.
Бұл 28 жеңіс пен үш жеңілісі бар Крус үшін карьерасындағы екінші тең нәтиже. Ал Роуч кәсіби мансабында қарсыласымен үшініш рет тең түсіп отыр, оның жеке есебінде 25 жеңіс және бір ғана жеңіліс бар.
Бұл кештің басты жекпе-жектерінің бірінде орта салмақ чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) кубалық Эрисланди Ларамен (32-3-3, 19 KO) жұдырықтасуы керек еді. Алайда қазақстандық боксшының допинг-тесті оң нәтиже көрестіп, ол кардтан алынды.
Әлімханұлының орнына венесуэлалық Йохан Гонсалес (36-5, 34 KO) жекпе-жекке шықты. 12 раунд қорытындысы бойынша ол Лараға төрешілердің шешімі бойынша ұпай санымен жол берді.
Жарнама