Бокс
Бүгін 22:06

Жәнібек Әлімзанұлынан қашқан чемпион белгісіз біреуден таяқ жеп қала жаздады

©іnstagram.com/jaimemunguiaoficial

Мексикалық белгілі боксшы Хайме Мунгия (47-2, 35 KO) Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен бокс кешінде сылбыр жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кештің басты жекпе-жегінің алдындағы айқаста ол бокс әлемніде аты шықпаған ресейлік Никита Зоньді (12-1-1, 10 KO) тек төрешілер шешімімен жеңді.

Мунгияға қарсыласын мерзімінен бұрын жеңу қиынға соқпайтын сияқты көрінген. Алайда Зонь жақсы өнер көрсетіп, кей сәттерде атағы әлдеқайда жоғары мексикалық боксшыға қиындық туғызды.

Нәтижесінде жекпе-жектің тағдыры төрешілер шешімімен аяқталды. Үш төреші де жеңісті Мунгияға берді - 117:111, 117:111 және 116:112. Осылайша, мексикалық екінші орта салмақтағы WBA чемпионы атағын сақтап қалды. Бұл оның карьерасындағы 47-жеңісі болды. Екі рет жеңілген Мунгияның еншісінде енді 47 жеңіс бар. Ал Зонь 12 жеңісі мен бір тең нәтижесінен кейін карьерасында алғаш рет жеңіліске ұшырады.

Еске салайық, бұған дейін Мунгия қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасуы мүмкін еді, алайда кейін бұл жекпе-жектен бас тартқан болатын.

Эр-Риядтағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде мексикалық жұлдыз Сауль Канело Альварес (64-3-2, 39 KO) франциялық Кристиан Мбиллиді (29-1-1, 24 KO) жеңіп, одан екінші орта салмақтағы WBC чемпионы атағын тартып алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport