Бокс
26 қараша 09:49
 

Жәнібек Әлімханұлының сәтсіздіктерге ұшырау себебі айтылды

  Пікірлер

blog.share

Жәнібек Әлімханұлының сәтсіздіктерге ұшырау себебі айтылды ©instagram.com/NoLimit_AUS

1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасының күміс жүлдегері Виктор Демьяненко Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Жәнібек Әлімханұлының (16-0, 11 КО) басты қиындығы не екені туралы ойын айтты. 

blog.share

1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасының күміс жүлдегері Виктор Демьяненко Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Жәнібек Әлімханұлының (16-0, 11 КО) басты қиындығы не екені туралы ойын айтты. 

"Әлімханұлы үшін биыл сәтсіз жыл болды. Ол тек бір жекпе-жек өткізді, салмақ түсірумен қиындыққа ұшырады, ал жыл соңында жақсы қарсыластан айырылып қалды. Өкінішті әрине, бірақ ойлану керек сияқты. 

Неге ол екі титулды иелене тұра үлкен жекпе-жекке шыға алмай жүр? Мүмкін оның менеджерлері бірдеңені дұрыс жасамай жүрген шығар? Ол Америкада атақты емес. Ол үшін ағылшын тілін біліп, өзіңді таныту қажет. Мүмкін оған екінші орта салмақақа өткен жөн. Қазір орта салмақ тоқырап тұрғаны ешкімге жасырын емес. Қазір Жәнібек нақ бабында. Ал жалындап тұрған сәтіңді барынша пайдалану керек", - дейді Демьяненко.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!