Жәнібек Әлімханұлының промоутері "Канелоны" кім жеңе алатынын айтты
Орта салмақта қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (10-0, 6 КО) жекпе-жектерін ұйымдастыратын промоутер Боб Арум екінші орта салмақта өнер көрсететін WBC, WBA және WBO белбеулерінің иегері мексикалық Сауль "Канело" Альваресті жеңе алатын боксшыны атады, деп жазады Fightnews.info порталы.

"Дәл қазір және жақын болашақта Альваресті ешкім жеңе алмайды деп ойлаймын. Өйткені ол шынымен мықты боксшы. Мүмкін оны Эдгар Берланга жеңетін шығар. Бірақ қашан екенін айта алмаймын. Бір немесе бір жарым жылдан кейін", - деді Арум.
Сонымен қатар даңқты промоутер өзінің тәлімгері Берланганың алдағы жоспары туралы да айтты.
"Берланга 9 қазан күні Фьюри мен Уайлдер кездесуінің андеркартында шаршы алаңға шығады. Содан соң 11 желтоқсан күні Madison Square Garden спорт кешенінде айқас өткізеді. Кейін ол Пуэрто-Рикоға барады", - деді промоутер.
Айта кетейік, Боб Арум бұл боксшыдан бөлек, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының да кездесулерін өткізеді. Отандасымыз өзінің келесі айқасын қараша айында өткізуді жоспарлап отыр. Қазір ол дайындықты бастап кетті.
Жарнама