Жәнібек Әлімханұлының промоутері 41 нокауты бар боксшы WBC чемпионымен жекпе-жеке шығатын уақытты айтты

Сурет: Fightnews.info
Ауыр салмақта WBC чемпионы британиялық Тайсон Фьюри (30-0-1, 21 КО) мен америкалық Деонтей Уайдердің (42-1-1, 41 КО) үшінші жекпе-жек қарашаға дейін өтпейді. Бұл туралы Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум мәлімдеді. 

Бастапқыда жекпе-жек 18 шілдеге жоспарланған болатын, алайда, коронавирус пандемиясына байланысты бұл кездесу 3 қазанға шегерілген. Енді промоутердің сөзінше, жекпе-жекті бұл уақытта да өткізу мүмін емес. 

Бұған себебп - жекпе-жекті қаржыландыру қиындығы. Егер боксшылар мол гонорар алғысы келсе, бұл айқас көрермендермен өту керек. 

Еске салайық, боксшылар арасындағы бірінші жекпе-жек тең аяқталып, Уайлдер чемпиондық титулын қорғап қалған еді. Ал ақпанда Лас-Вегаста өткен қарымтада Фьюри техникалық нокаутпен Уайлдерді жеңіп, ауыр салмақта WBC чемпионы белбеуін тартып алды.

Айта кетейік, Боб Арум орта салмақта WBC Continental Americas және WBO Global титулдарына ие қазақстандық Жәнібек Әлімханұылының (8-0, 4 КО) да ісін жүргізеді.