Бұған себебп - жекпе-жекті қаржыландыру қиындығы. Егер боксшылар мол гонорар алғысы келсе, бұл айқас көрермендермен өту керек.
Еске салайық, боксшылар арасындағы бірінші жекпе-жек тең аяқталып, Уайлдер чемпиондық титулын қорғап қалған еді. Ал ақпанда Лас-Вегаста өткен қарымтада Фьюри техникалық нокаутпен Уайлдерді жеңіп, ауыр салмақта WBC чемпионы белбеуін тартып алды.
Айта кетейік, Боб Арум орта салмақта WBC Continental Americas және WBO Global титулдарына ие қазақстандық Жәнібек Әлімханұылының (8-0, 4 КО) да ісін жүргізеді.