Жәнібек Әлімханұлының промоутері 30 күнде жеті бірдей бокс кешін өткізетінін ресми растады

Промоутерлер Боб Арум (сол жақта) және Эдди Хирн. Сурет: Wrestlingua.com
Промоутер Боб Арум және оның Top Rank компаниясы маусым-шілде айларында жеті бокс кешін ұйымдастырып, телевидениеге оралатындарын ресми түрде растады. 

Бокс кештерінің бәрі Лас-Вегаста өтеді және ESPN арнасында трансляцияланады. Бірінші шоу 9 маусымға белгіленген.

Ресми құлақтандырылған бокс кештері:

9 маусым: Шакур Стивенсон (13-0, 7 КО) - Феликс Карабайо (13-1-2, 9 КО), Микаэла Майер (12-0, 5 КО) - Хелен Джозеф (17-4-2, 10 КО);

11 маусым: Джесси Магдалено (27-1, 18 КО) - Йенифель Висенте (36-4-2, 28 КО), Адам Лопес (13-2, 6 КО) - Луис Кориа (12-2, 7 КО);

16 маусым: Джошуа Грир-младший (22-1-2, 12 КО) - Майк Планиа (23-1, 12 КО), Джованни Сантийян (25-0, 15 КО) - Антонио Демарко (33-8-1, 24 КО);

18 маусым: Хосе Педраса (26-3, 13 КО) - Миккель Леспьер (22-1-1, 10 КО), Габриэль Флорес (17-0, 6 КО) - Хосек Руис (21-2-3, 14 КО);

23 маусым: Эндрю Молони (21-0, 14 КО) - Джошуа Франко (16-1-2, 8 КО), Кристофер Диас (25-2, 16 КО) - Джейсон Санчес (15-1, 8 КО);

2 шілде: Джеймел Херринг (21 -2, 10 КО) - Джонатан Окендо (31-6, 19 КО);

9 шілде: Иван Баранчик (20-1, 13 КО) - Хосе Сепеда (31-2, 25 КО).