Жәнібек Әлімханұлының нокауты осы жылдағы ең мықтының бірі деп мойындалды

30 желтоқсан 2020 10:36
Сурет: : instagram.com/janibek_alimkhanuly

Top Rank промоутерлік компаниясы орта салмақтағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (9-0, 5 КО) нокаутын жылдың ең үздіктерінің бірі деп атады,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазан айында өткен жекпе-жегінде қазақ боксшы аргентиналық Гонсало Корияны екінші раундта сұлатқан болатын. 

"Жыл нокауттары. Әлімханұлы орта салмақтың жоғары санатындағы боксшыларға өзінің бар екені туралы жар салды", - делінген видео жазбасында.