Бокс
2 маусым 2021 13:05

Жәнібек Әлімханұлының командасы экс чемпионмен айқас алдында мәлімдеме жасады

Сурет: boxing-social.com

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (9-0, 5 КО) командасы америкалық Робом Брантпен (26-2, 18 КО) айқас алдында мәлімдеме жасады.

"Біздің бұрыннан келе жатқан жанкүйерлерге айтарымыз, уайымдамаңыздар. Бізді Роб Брандқа емес, одан да мықты Канело, Чарло, Андраде, Мурата сияқты чемпиондарға дайындалып жүргенімізді білесіздер. Біздің нысана солар. Соларға дайынбыз.

Әрине ешкімді елемеуге болмайды. Оны өте жақсы білеміз. Қазақ: "Елемеген бұтақ көз шығарады"- дейді. 26 маусымдағы жекпе-жекке де 100% дайын шығамыз. Сол үшін күніне екі мезгіл жаттығып, қан мен тер төгіп жүрміз. Бұйыртса Брандты барынша жарқын ұтуға тырысамыз. Бұл мансабымыздағы маңызды жұдырықтасу. Осыдан жақсы өтсек біраз есік ашылады. Жауапты жекпе-жек. Түсінеміз.

Жәнібек батыр ірі сөйлейді. Өзіне сенген соң сөйлейді. Біздің команда ірі сөз бен ірі істің командасы. Біз мақтанбаймыз. Мақтаншақтықтан Құдай сақтасын. Бізде майдалануға уақыт жоқ. Мұны бұрыннан келе жатқан жанкүйерлеріміз жақсы біледі.

Айтпақшы деректі фильм сұрап жүрген жанкүйерлерге жақсы жаңалық. Съемканы бастадық. Бұйыртса жекпе-жектен соң бірден назарларыңызға ұсынамыз.

Құрметпен, Qazaq style командасы!", - делінген команданың Instagram парақшасында.