Бокс
30 қазан 09:20
 

Жәнібек Әлімханұлының жекпе жегі ресми түрде жарияланды

  Пікірлер

blog.share

Жәнібек Әлімханұлының жекпе жегі ресми түрде жарияланды ©Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Орта салмақта IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 KO) қатысатын бокс кешінің толық карды ресми түрде жарияланды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Орта салмақта IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 KO) қатысатын бокс кешінің толық карды ресми түрде жарияланды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Әлімханұлы өз салмағындағы WBA белбеуінің иегері, кубалық Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 KO) кездеседі. Жекпе-жек барысында үш чемпиондық атақ сарапқа салынады.

Кездесу 6 желтоқсанда (Қазақстан уақытымен 7 желтоқсан таңертең) АҚШ-тың Техас штаты, Сан-Антонио қаласында өтеді. Бұл шайқас кештің басты жекпе-жегі алдында өтеді. 

PBC PPV ұсынған 6 желтоқсандағы бокс кешінің толық карды төмендегідей:

Эрисланди Лара vs Жәнібек Әлімханұлы
Стивен Фултон (кішісі) vs О'Шаки Фостер
Хесус Рамос (кішісі) vs Шейн Мосли (кішісі)

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Premier Boxing Champions (@premierboxing)

32 жастағы Жәнібек соңғы жекпе-жегін сәуір айында Астанада өткізіп, бесінші раундта Ануэль Нгамиссенгені (14-1, 9 KO) нокаутпен жеңіп, чемпиондық белбеулерін қорғап қалған еді.

Ал 42 жастағы Лара соңғы рет 2024 жылдың қыркүйегінде шаршы алаңға шығып, екі салмақ дәрежесінің бұрынғы чемпионы америкалық Дэнни Гарсияны (37-4, 21 KO) мерзімінен бұрын жеңген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!