Бокс
Кеше 22:16

Жәнібек Әлімханұлының екінші сынамасының нәтижесі жарияланды

©x.com/qazaqstyle

Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 KO) екінші допинг-сынағы оң нәтиже бергенін растады. Қазіргі таңда спортшыға қатысты тергеу жүріп жатыр, оның мақсаты - тыйым салынған затты әдейі қабылдады ма, әлде ол ағзаға кездейсоқ түсті ме, соны анықтау, деп хабаралйды Vesti.kz

Қазіргі уақытта боксшы тергеу толық аяқталғанға дейін барлық жекпе-жектерден уақытша шеттетілген.

"Жақында Америкадағы VADA ұйымынан 34 беттен тұратын қорытынды сараптама келді. Иә, В сынамасы да растады. Қазір Жәнібекке қатысты юрисдикцияны біздің федерация өз қолына алды. Себебі ол - біздің федерацияның лицензияланған боксшысы, әрі оның қатысуымен өткен соңғы бокс кеші Астанада, біздің санкциямен ұйымдастырылды. Қазіргі басты мәселе — ол бұл затты әдейі қабылдады ма, әлде оның ағзасына кездейсоқ жолмен түсті ме. Әзірге сұрақ осылай тұр", - деді Ерденбеков.


Еске салайық, желтоқсан айының басында Әлімханұлының А сынамасы тыйым салынған затқа оң нәтиже бергені белгілі болды. Соның салдарынан оның WBA чемпионы кубалық Эрисланди Ларамен (32-3-3, 19 KO) жоспарланған титул біріктіретін жекпе-жегі тоқтатылды.

Тест нәтижесі жарияланғаннан кейін боксшының командасы В сынамасын ашуды талап етті. Бұл процедура 9 қаңтар күні өтті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport