Жәнібек Әлімханұлының әлемнің экс чемпионымен айқасы Қазақстанда тікелей көрсетіледі

©instagram.com/janibek_alimkhanuly

Жексенбі, 21 қараша таңғысын қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) кезекті айқасын өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Орта салмақтағы қазақ боксшы бұрынғы әлем чемпионы франциялық Хассан Н'Дам Н'Жикаммен (38-5-0, 21 KO) жұдырықтасады.  

Жекпе-жек Лас-Вегаста өтеді. Ал бұл кештің басты оқиғасы Теренс Кроуфорд (37-0, 28 КО) - Шон Портер (31-3-1, 17 КО) жекпе-жегі болмақ.

Қазақстанда бокс кешін Qazsport арнасы тікелей көрсетеді. Трансляцияның басталуы 07:00.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport