Бокс
15 наурыз 2022 09:36

Жәнібек Әлімханұлына жаңа қарсылас неге қауіпті екені айтылды

©instagram.com/janibek_alimkhanuly/

World Boxing News порталының редакторы Фил Джей Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (11-0, 7 КО) WBO титулы үшін жаңа қарсыласына қатысты ойын айтты.

Чемпиондар Жәнібекпен жекпе-жектен неге бас тартып жатқаны айтылды

Британиялық Дэнни Дигнум мексикалық Хайме Мунгияның орнын басып, қазақ боксшыға жаңа қарсылас ретінде белгіленді

"Дэнни Дигнум - атақты боксшы емес. Карьерасы жарқ еткен деуге келмейді, бірақ, ол бұдан биік деңгейге жете алады. Британиялықтың техникалық дағдылары өте жақсы. Ол әзірге өзін толық көрсететін мүмкіндік алған жоқ, әйтпесе қазіргі жетістігінен арттыққа лайық. 

Әлімханұлымен айқас өте қауіпті сияқты. Қазақстандық боксшы өзін бұрынғы чемпиондармен айқастарда дәлелдеген. Бұл жекпе-жекте оның басымдығы бар, бірақ, Дигнумды есептен шығарып тастауға болмайды. Оның қағидаға беріктігі мен күш-жігері Әлімханұлына қауіпті болуы мүмкін", - дейді Джей. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport