Жәнібек Әлімханұлына чемпиондық айқасқа шығудың басты шарты айтылды
Bastion Boxeo порталы орта салмақтағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) 2022 жылы әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтаса алады деп жазды.
Bastion Boxeo порталы орта салмақтағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) 2022 жылы әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтаса алады деп жазды.
Алайда бұл үшін осы дивизионда WBO рейтингінде бірінші тұрған Хайме Мунгия чемпион Деметриус Андрадемен (31-0, 19 KO) жекпе-жек сұрау құқынан бас тарту керек. Ал Жәнібектің командасы өз тарапынан WBO ұйымынан америкалықпен жекпе-жекке сұраныс берді.
"Ерте ме, кеш пе, WBO ұйымына әрекетке көшіп, Мунгиядан чемпиондық жекпе-жекті қалай ма, жоқ па, әлде титул бос болғанын күте ме, соны сұрау керек болады.
Егер Мунгия WBO белбеуі үшін 2022 жылы жұдырықтасса, Әлімханұлы жақын арада чемпиондық айқас өткізе алмайды. Ал мексикалық WBC элиминаторына келіссе, қазақ боксшы (WBO екінші нөмірі) келесі жылы Андрадемен титулды айқасқа шыға алады. Америкалық үшін бұл жекпе-жек оның жалқау чемпиондығы үшін ең ауыр қорғаулардың бірі болады", - деп жазады басылым.
Жарнама