Ра Окум деген британиялық журналист Жәнібек Әлімханұлына (11-0, 7 КО) чемпиондық белбеуін қорғау үшін Тұманды Альбионда қолғап түйістіруге шақырды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Негізі отандасымыз британиялық Дэнни Дигнуммен (14-0-1, 8 КО) жұдырықтасады. Алайда журналист Дигнумға емес, тікелей қазақ боксшысына қарата мәлімдеме жасады.
"Егер сіз чемпион болсаңыз, титулыңызды Ұлыбританияда қорғаңыз. Біз жақта орта салмақтың мықты жігіттері бар. Англияға келсеңіз футбол стадионын жанкүйерге толтырамыз", - деген Окумның ұсынысына Жәнібек келісімін берді.
Еске салайық, Әлімханұлы мен Дигнум арасындағы айқас 21 мамыр күні Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді.