Бокс
29 мамыр 2025 13:04

Жәнібек Әлімханұлын жалқау деп атап айқасуға шақырды

©Тұрар Қазанғапов

Орта салмақтағы америкалық боксшы Кайрон Дэвис (19-3, 6 KO) дивизионның қазіргі чемпиондары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазіргі таңда төрт негізгі белбеудің екеуі қазақстандық Жәнібек Әлімханұлында (17-0, 12 KO). Ал қалған екеуі доминиканалық Карлос Адамес (24-1-1, 18 KO) пен кубалық Эрисланди Ларада (31-3-3, 19 KO). 

"Лара — сәл қартайып қалған және қалғандарына қарағанда кішірек. Адаместің қорғанысында Лараға қарағанда әлсіз тұстар көп. Жәнібек, мүмкін, ең жан-жақты боксшы шығар, бірақ, кейде жалқауланып кетеді. Әрқайсысының әлсіз тұстары бар. Мен олардың бәрімен жекпе-жек өткізгім келеді", — деп келтіреді Дэвистің сөзін BoxingScene.


Дэвис рингке 31 мамыр күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында оралады. Ол жерде Кайрон жеңілмеген кубалық боксшы Йоэнли Эрнандеспен (7-0, 7 KO) жұдырықтасады. Эрнандес беделді рейтингтерде жоғары орындарда тұр: WBA бойынша №1, WBC — №4 және WBO — №6. Бұл жекпе-жектегі жеңіс Дэвисті титулдық айқасқа жақындата түсуі мүмкін.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport