Екінші орта салмақтағы өзбекстандық проспект Бектемир Меликузиев (7-0, 6 КО) 19 маусымда келесі жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
АҚШ-тың Эль-Пасо қаласында өтетін бокс кешінде өзбек нокаутшы Габриэль Росадомен (25-13-1, 14 КО) жұдырықтасады. Америкалық боксшы 2013 жылы қазақстандық Геннадий Головкинмен айқасып, нокаутпен жеңілген еді.
Еске салайық, Меликузиев қаңтар айында Сергей Ковалевпен айқасқа шығу керек болатын, алайда, ресейлік допинг тесттен өте алмағандықтан бұл кездесу болмады. Осыдан кейін өзбекстандық Морган Фитчпен (19-5-1, 8 KO) шығып, оны үшінші раундта сұлатты.
Ал Росадо желтоқсандағы кейінгі жекпе-жегінде отандасы Дэниэл Джейкобстен (37-3-0, 30 KO) төрешілер шешімімен жеңілген.
Әуесқойда Мелекузиев 2016 жылғы Олимпиада мен 2015 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері болған. Сондай-ақ, Азия чемпионатында екі рет алтын жеңіп алған. 2015 жылғы Азия чемпионатында ол қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын, ал 2017 жылы әлем және Азия чемпионатында Ерік Әлжановты жеңген еді.