auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Жәнібек Әлімханұлын әуесқойда жеңген. Өзбек нокаутшы Головкиннің экс қарсыласымен жекпе-жекке шығады

Жәнібек Әлімханұлын әуесқойда жеңген. Өзбек нокаутшы Головкиннің экс қарсыласымен жекпе-жекке шығады
Сурет: East Side Boxing

Екінші орта салмақтағы өзбекстандық проспект Бектемир Меликузиев (7-0, 6 КО) 19 маусымда келесі жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

АҚШ-тың Эль-Пасо қаласында өтетін бокс кешінде өзбек нокаутшы Габриэль Росадомен (25-13-1, 14 КО) жұдырықтасады. Америкалық боксшы 2013 жылы қазақстандық Геннадий Головкинмен айқасып, нокаутпен жеңілген еді.

Еске салайық, Меликузиев қаңтар айында Сергей Ковалевпен айқасқа шығу керек болатын, алайда, ресейлік допинг тесттен өте алмағандықтан бұл кездесу болмады. Осыдан кейін өзбекстандық Морган Фитчпен (19-5-1, 8 KO) шығып, оны үшінші раундта сұлатты. 

Ал Росадо желтоқсандағы кейінгі жекпе-жегінде отандасы Дэниэл Джейкобстен (37-3-0, 30 KO) төрешілер шешімімен жеңілген.

Әуесқойда Мелекузиев 2016 жылғы Олимпиада мен 2015 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері болған. Сондай-ақ, Азия чемпионатында екі рет алтын жеңіп алған. 2015 жылғы Азия чемпионатында ол  қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын, ал 2017 жылы әлем және Азия чемпионатында Ерік Әлжановты жеңген еді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама