Жәнібек Әлімханұлы WBO ұсынған мықты қарсыласқа қатысты ойын айтты

©instagram.com/janibek_qazaqstyle/

Орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мексикалық Хайме Мунгиямен (39-0, 31 КО) жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Әлімханұлы 31 нокауты бар "Канело" ізбасарымен чемпиондық айқасқа шығады

"Бұйыртса жақсы жаңалық болғалы тұр. WBO тұжырымы бүгін мексикалық даңқты боксшы Хейми Мангуия мен Жәнібектің жекпе-жек өткізуі туралы шешім шығарды. Жұдырықтасу WBO-ның чемпиондық(уақытша) титулы үшін болады.

WBO президенті екі боксшының промоутеріне 10 күн ішінде жекпе-жекке келісу туралы хат жолдады. Бұйыртса 10 күнде біраз нәрсе белгілі болады.

Екі тарап келісімге келсе, мексикалық та Андраде сияқты басқа салмаққа кетіп қалмаса бұл біз үшін супер жекпе-жек болады. Себебі Хейми атағы жағынан мексикадағы Канелодан кейінгі орында. Бокс әлеміне танымал. Жеңілмеген жұлдыз! Рекорды 39-0. Оның 31-ін нокаутпен ұтқан!

Біз дайынбыз. Біз бұйыртса биыл жарқыраймыз. QAZAQ STYLE-ды әлемге әйгілейміз!" - деп жазыпты Жәнібек Instagram желісінде.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport