Жәнібек Әлімханұлы WBC рейтингінде үздік үштікке енді

сурет: getty images

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBC) жаңартылған тізімінде Жәнібек Әлімханұлы үздік үштікке енді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Отандасымыз орта салмақта үшінші орынға шықты. Бұл салмақта америкалық Джермалл Чарло чемпион екенін айта кеткен жөн. Екінші орта салмақта Айдос Ербосынұлы болса бір саты төмендеді. Қазір Ербосынұлы 12-орында тұр.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы соңғы жекпе-жегінде Роб Бранттан басым түскен болатын.

Метки:
Жаңалықтар