Бокс
4 қараша 15:08
 
Жәнібек Әлімханұлы үшінші титулды жеңіп алатынын мәлімдеді

  Пікірлер

blog.share

Жәнібек Әлімханұлы үшінші титулды жеңіп алатынын мәлімдеді ©Тұрар Қазанғапов

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) WBA титулына ие кубалық Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 KO) жекпе-жек алдындағы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Үш чемпиондық белбеу сарапқа салынатын бұл айқас 6 желтоқсанда АҚШ-тың Техас штатына қарасты Сан-Антонио қаласында өтеді және бокс кешінің ко-мейн ивенті болады.

"6 желтоқсан - мен өзімнің үшінші әлем чемпионы титулымды аламын!", - деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желіде жаттығу лагерінен суреттер жариялап.

Бұған дейін Жәнібек өзінің мақсаты - барлық төрт белбеуді біріктіріп, есімін бокс тарихына жазу екенін айтқан болатын.

Аталған салмақтағы төртінші белбеу - WBC титулы - доминиканалық Карлос Адаместе (24-1-1, 18 KO), ал ол Әлімханұлымен жекпе-жек өткізуден бас тартқан еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!