Бокс
19 тамыз 12:56
 

Жәнібек Әлімханұлы Top Rank мәлімдемесіне жауап бері

  Пікірлер

blog.share

Жәнібек Әлімханұлы Top Rank мәлімдемесіне жауап бері ©Тұрар Қазанғапов

Орта салмақта WBO және IBF чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17‑0, 12 KO) өзінің ісін жүргізетін Top Rank промоутерлік компаниясы жариялаған мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Орта салмақта WBO және IBF чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17‑0, 12 KO) өзінің ісін жүргізетін Top Rank промоутерлік компаниясы жариялаған мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұған дейін Top Rank 32 жастағы қазақ боксшының WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы, доминиканалық Карлос Адамеспен (24-1-1, 18 KO) жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлаған болатын.

Осыған байланысты Әлімханұлы ресми жарияланымға жауап беріп, жекпе-жектер арасында ұзақ үзіліс жасамайтынын және Адамеспен айқасқа ниетті екенін айтты.

"Жігіттер, мен мақсатына жетпей тынбайтындардың қатарынанмын. Ешқандай сылтау да, үзіліс те болмайды - тек алға!", – деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы кейінгі рет рингке сәуір айында шықты. Бұл жекпе-жекте ол алғаш рет Қазақстанда екі әлем чемпиондық белбеуін қорғады. Астана қаласында өткен кездесуде оның қарсыласы - франциялық Анауэль Нгамиссенге (14-1, 9 KO) болды. Жәнібек қарсыласын бесінші раундта нокаутқа түсірген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!