Бокс
Бүгін 09:07

Жәнібек Әлімханұлы титулды жекпе-жекке дайындықты бастады

©instagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) өтуі мүмкін титул біріктіретін жекпе-жекке дайындықты бастап кетті, деп хабарлайды Vesti.kz журналист Асылан Каженовтің сөзіне сүйене отырып.

Дайындық Алматыда өтуде

Каженовтің мәліметінше, дайындықтың негізгі кезеңі жаз айларында басталады. Жаттығу лагерін АҚШ немесе Ұлыбритания аумағында өткізу нұсқалары қарастырылып жатыр.

"Қазір Жәнібек Әлімханұлы Алматыда және толыққанды жаттығу лагеріне дейін физикалық формасын сақтауда. Боксшының командасы спортшының уақытша шеттетілуіне қарамастан жоспарлы жұмысын жалғастыруда.

Асылан Каженовтың айтуынша, негізгі дайындық кезеңі жаз айларында басталады. Жаттығу лагерін АҚШ немесе Ұлыбритания аумағында өткізу нұсқалары қарастырылып жатыр

Жоспар бойынша, келесі жылы сәуір немесе мамыр айларында қазақстандық боксшы тағы бір чемпиондық белбеуге таласуы мүмкін. Ықтимал қарсыластар қатарында WBC чемпионы Карлос Адамес және WBA чемпионы Эрисланди Лара аталуда", – деп жазды Каженов әлеуметтік желіде.

Дисквалификация мерзімі

Еске сала кетейік, 20 ақпанда World Boxing Organization (WBO) Жәнібек Әлімханұлына бір жылдық дисквалификация жариялаған еді. Шектеу 2 желтоқсанға дейін күшінде болады. Осы кезеңде боксшы кәсіби де, көрме жекпе-жектеріне де қатыса алмайды.

Соған қарамастан чемпионның командасы оның рингке қайта оралуына және болашақтағы титулдық қарсыласуына қазірден бастап дайындық жүргізіп жатыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport